Оңғаровтар шежіресі
Алты аталы - Әлім
Байсары
Шөмекей
Жаманақ (Шекті)
Төртқара (Қарамашақ)
Қарасақал (Айнық)
Қаракесек (Ұланақ)
Алшыннан - Қыдуар. Бұдан екі бала: Қайырбай (лақап аты Қаракесек) және Қыдырбай (лақап аты Байұлы). Көптеген шежірелерде Қайырбайдың жарлы болғандығынан ел оны Қаракесек деп атап кеткен дейтін сөз бар. Сол жарлы Қайырбай - Қаракесектің Тоқсұлу деген бәйбішесінен Байсары туады. Тоқсұлуқайтыс болған соң қайын атасы оған екінші қызын қосқан көрінеді. Одан - Әлім мен Шөмен туады.
БАЙСАРЫ
Ұраны - "Майлыбай".
Байсары (Кете) - Қаракесектің тұңғыш ұлы. Неге Кетені қосқанымыз қазір белгілі болады.
Байсарыдан - Бозаншар, Майлыбай. Майлыбайдан ұрпақ жоқ, жауда өлген.
Бозаншардан - Адамқожа мен Сәду. Байсары жастау Бозаншарға еншілес болсын деп Сәду деген баланы асырап алған көрінеді.
Адамқожадан - Қара, Қарадан- Қазай, Бөлек, Назар, Шүрек. Бұлар Қаракете деп аталады. Байсарының кіші әйелі Кетебике өте сұлу әрі ақылды болған деседі. Ол екіқабат кезінде күйеуі қайтыс болады да, ел-жұрты оны Байсарының тетелес інісі - Әлімге некелейді. Бұдан - Тегінболат пен Тайқожа туады. Әлім де ерте қайтыс болыпты, сосын Кетебике Шөменге тиеді. Бұдан Түменқожа туады.
Ақкете деп аталатын Тайқожадан - Тұрсынбай, Қараш.
*Тұрсынбайдан - Нұртаза, бұдан-Мұңайтпас.
Мұңайтпастан - Багадден, Жамаладден.
Багаденнен - Шалқошқар, Байқошқар, Аққошқар.
Аққошқардан - Айдар, Әлмамбет.
Әлмамбеттен - Тұрсын, Баубек, Аманқара, Жаңатуған, Ебескі, Салы, Есет, Қазыбек.
Ебескіден - Алтай, Құттыбай, Жұлдыз, Құндыз.
Алтайдан - Төкен, Барлыбай, Нұрлыбай, Қосай, Есей.
Төкеннен - Иманқыдыр.
Иманқыдырдан - Әмен - Ізтілеу - Еділ- Оңғар
Оңғар ұлдары:
Қабидолла- Мақсым
Сағидолла (Жеңіс)
Құбайдулла - Құралбай, Асылбек, Ақылбек,
Сабыр - Мейрамгүл, Мария, Алия, Ақжол
Несібелі- Биғайша - Жанар, Анар
Серік - Әділбек, Әсел, Рыскуль
Алтынбек - Алпамыс, Айнур, Нурлыбек
Әлібек - Ақтоты, Мөлдір, Наз
Қалыбек - Дастан
Жәнібек (Бөле) - Қуаныш, Парасат, Салауат, Ермек
Қыдырбек - Назгүл