Сайт создан на конструкторе asia.kz.   Создайте и Вы себе сайт бесплатно!

Әлім Кете шежіресі

 
 

Тегінболат (Қарасақал)

08. 12. 2014

Тегінболат (Қарасақал) 

Тегінболатты Байсарының қаны десе де болады. Байсары қайтыс болып, одан жүкті қалған әйелі Әлісге тиген соң туады. Атын Тегінболат қояды.  Бұл жерде Әлім атамыз өз қандастарын бір ордаға топтастыруға мүдделі болғанын аңғаруға болады. Егер жүкті қалған Байсарының әйелін ешкім алмай солай қалса ол Байсарының баласы болады да, ал Әлімге келіп туса ол Әлім боласы болады деген уәжді ұстанған. Қарасақал деуі - сақалы беліне түседі екен дейді. Осы Тегінболаттан - Пұсырман мен Шіңгір туады. Пұсырманнан - Жансүгір, Алау, Жәдігер. Шіңгірден - Жарболды, Бапан, Құдайменде. (Ғани Мұратбаев осы Қарасақалдан шығады. Әлімнің біраз батырлары осы тұқымнан. Олар: Тайлақ батыр, Тұрлы, Төртім, Сәдір, Ойса, Дабыл, Шағырай.)

Пұсырман мен Шіңгір Тегінболат ерте қайтыс болған Айнықтың әйелін алып, содан туатын балалар, яғни бұлар Сарбас - Ерімбетпен еншілес.

Бұл атаның ұрпақтары жөніндегі деректер көне шежірелерде өте аз ұшырасады. Ел ішіндегі көзі қарақты, көкірегі шежіре қариялар, ізденімпаз-білімпаз жандар осы аталықты әрі қарай жалғастырып, толықтырып әкетер деген үміттеміз.

Реклама:

Конструктор сайтов Asia.kz
Конструктор сайтов Asia.kz
 
Пожаловаться на сайт