Қаракесек
Енді Қаракесектің тегін таратайық. Қаракесектің бірінші әйелінен Байсары деген бір бала туады. Шешесі өледі. Екінші әйелінен Қағаз дегеннен Әлім мен Шөмен дүнеиеге келеді.
Бұған да кішкене қосымша: Қаракесек жарлылау болып, дер шағында үйленіп, отау тігуге шамасы келмейді. Ақыры үйленбек боп қам жасап барғанында қалыңдығы жүкті екен, бірақ қайын атасы бір жақсы адам болады да, оны бетіне баспай, сөз қылмай қызды алып кетеді. Келгесін ұзамай босанып ұл туады, атын Байсары қойып, "Атасыз туған Байсары", - деген сөз содан қалған. Ал әйел азарланып ауырып, көп ұзамай қайтыс болады. Қаракесек қайын атасына қайта келіп қызының қайтыс болғанын айтады. Қайын атасы қызының жүктілігін бетіне шіркеу қылмай алып кеткеніне разы болып, енді үйындегі жас қызын қалың малсыз береді. Бұл Қағаз болатын. Міне, осы Қағаздан Әлем мен Шөмен туады.
Сонымен Қаракесектен туылған балалар Байсары, Әлім, Шөмен.
Дәуренбекұлы Ж., Құттыбайұлы С. "Алты ата Әлім" 1992ж.